«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді
«Жаңа тәсілдер қажет. Біздің құқық қорғау органдары жедел алдын алу шараларын қабылдауға тиіс. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, есірткі қылмыстарын тергеудің жаңа әдістерін әзірлеуді тапсырамын. Әдістер “Заң мен тәртіп”, сондай-ақ жазаның бұлтартпас қағидаттары тұрғысынан қаралуы керек», — деп атап өтті Премьер-министр.
Осы бағытта Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімін жедел жаңартып, күшті әсер ететін заттардың тізбесін өзектендіріп, сондай-ақ олардың айналымы тәртібін әзірлейді.
Бесінші. Өңір әкімдеріне штабтардың жұмысын жеке бақылауға алу тапсырылды.
Алтыншы. Жастардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытына, әсіресе демалыс кезеңіне ерекше назар аударылды.



