Закон и Общество

ӘКЕЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ

Спорт

ӘКЕЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылындағы ІТ «мектеп лицейі» КММ-нің спорт залында волейбол ойынынан әкелер жарысы өткізілді.

«Бұл — елін, жерін жаудан қорғайтын азаматтарға құрмет көрсететін ерекше күн. Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және әкелердің бірлігін нығайту, ұрпақтарға үлгі көрсету болып табылады», — дейді мектеп директоры Жанзақов Нұрсұлтан Мұратұлы.

Расында да осынау спорттық шараның отбасы құндылықтарын дәріптеп, әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттырып, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақты нығайтып, салуатты өмірді насихаттаудағы маңызы зор екендігі белгілі.

Жарысқа әкелерден құралған барлығы 6 команда қатысты. Олар – 3 сыныптың атынан жарысқа шыққан «Әкелер» командасы. 4 -сыныптың атынан «Жігер», 5-6 сыныптың атынан «Көкжалдар», 7-9 сыныптардың атынан «Арландар», 8 сыныптың атынан «Көк бөрілер» және 10 г сыныбының атынан « Бірлік» командалары өзара сайысқа түсті.

Салтанатты шара білім шаңырағының акт залында болды. Еліміздің Әнұраны шырқалып, мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, волейбол құрамасының жаттықтырушысы Қабдрахман Әлішер сөз сөйлеп, жарыс шартын түсіндірді. Сонан соң сап түзеген командалар жарыс өтетін спорт залын бетке алды. Жанкүйерлер қарасы да көп болды. Қолдарына өз командаларының ұранын ұстаған олар спортшыларға ду қол шапалақтап, қошемет көрсетіп отырды.

Жарыс төрешісі Қабдрахман Әлішер ысқырық шалған соң сайыс шымылдығын «Жігер» және «Көкжалдар» командалары ашты. Екі команда тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ретімен кезек басқа командаларға да келді. Спортты серік еткен азаматтар жеңіске жетуге бар күш-жігерлерін жұмылдырды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Әкелер» командасы жеңіп алды. Екінші орынды «Жігер» командасы иеленсе, үшінші орынға «Арландар командасы табан тіреді.

Жарысты тамашалауға келген ата -аналар арасынан сөз сөйлегендер турнирді ұйымдастырушыларға алғыс айтып, тамаша ойын өрнегін көрсеткен командаларға қолдау білдірді.

Талғат Тәшкеев, өз тіліміз.

Қараөткел.

Другие новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»