
Закон и Общество
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбекқорлық қоғамның басты құндылығы болуы тиіс екенін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбекқорлық қоғамның басты құндылығы болуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, қай салада болмасын ең басты қағида – адал еңбек пен адал қызмет. Еңбектің жаманы болмайды, кез келген адал жұмыс құрметке лайық.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарына құрмет көрсету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін айтып, бұл бір реттік науқан емес, тұрақты түрде жалғасатын идеологиялық жұмыс екенін жеткізді. Президенттің пікірінше, елдің дамуы мен ілгерілеуі өздігінен келмейді, оған бүкіл қоғам болып табанды еңбек ету арқылы ғана қол жеткізуге болады.



