
Закон и Общество
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның дамуы елге жаны ашитын, отаншыл, жауапкершілігі жоғары жастарға байланысты екенін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның дамуы елге жаны ашитын, отаншыл, жауапкершілігі жоғары жастарға байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, нағыз отаншылдық әдемі сөзбен емес, адал еңбекпен және нақты іспен көрінеді. Адал еңбек етіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адам – елге шын пайдасын тигізетін азамат. Сондықтан қоғамға бос сөз бен жалаң ұран емес, нақты жұмыс пен нәтиже қажет екені айтылды.


