
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елдің дамуы ең алдымен отаншыл, жауапкершілігі жоғары, жанашыр жастарға байланысты екенін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде елдің дамуы ең алдымен отаншыл, жауапкершілігі жоғары, жанашыр жастарға байланысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстанның көркеюіне шын мәнінде елге жаны ашитын, қоғамға пайдасын тигізгісі келетін ұрпақ қана үлкен үлес қоса алады. Сондықтан еліміздің болашағы – отаншыл, жасампаз, білімді әрі жауапты жастардың қолында.
Сонымен қатар Президент нағыз отаншылдықтың мәнін түсіндіріп, отаншыл азамат – ең алдымен өз жұмысын адал атқарып, адал еңбек етіп жүрген адам екенін айтты. Адал еңбекпен келген табыс әрқашан берекелі болады, ал жалқаулық пен еріншектік адамды да, қоғамды да алға бастырмайды.
Президенттің айтуынша, қоғамға жалаң ұран, бос сөз немесе құрғақ уәде емес, нақты іс пен нақты нәтиже қажет. Отаншылдық әдемі сөз сөйлеумен немесе көзге жақсы көрінумен өлшенбейді. Нағыз отаншылдық – елге пайда келтіру, Отанға адал қызмет ету және өз еңбегімен мемлекеттің дамуына үлес қосу екені атап өтілді.



