
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбекқорлық қоғамның негізгі құндылықтарының біріне айналуы тиіс екенін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбекқорлық қоғамның негізгі құндылықтарының біріне айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның пікірінше, қай салада болмасын – білім беру, ғылым, медицина, өндіріс, қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет немесе әскери сала – барлық жерде ең басты құндылық адал еңбек пен адал қызмет болуы керек.
Президент еңбекқорлық тек жеке адамның қасиеті емес, бүкіл қоғамның болмысына сіңген ұлттық құндылыққа айналуы қажет екенін айтты. Себебі елдің дамуы мен өркендеуі ең алдымен еңбекқор, жауапкершілігі жоғары азаматтарға байланысты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселесіне ерекше тоқталып, бұл бір реттік науқан емес, мемлекеттік идеологияның маңызды бөлігі екенін жеткізді. Яғни, еңбек адамына құрмет көрсету, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі тиіс деген маңызды ой айтылды.



