
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың ел болашағындағы рөліне ерекше тоқталып, Қазақстанның дамуы ең алдымен елжанды, жауапкершілігі жоғары ұрпаққа байланысты екенін атап өтті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың ел болашағындағы рөліне ерекше тоқталып, Қазақстанның дамуы ең алдымен елжанды, жауапкершілігі жоғары ұрпаққа байланысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, мемлекетіміздің келешегі – отаншыл, еңбекқор, жасампаз жастардың қолында. Сондықтан өскелең ұрпақ тек білім алып қана қоймай, елдің дамуына нақты үлес қосуға ұмтылуы тиіс.
Сондай-ақ Президент нағыз отаншылдық ұранмен емес, нақты іспен дәлелденетінін айтты. Оның айтуынша, өз жұмысын адал атқарып, адал еңбек етіп жүрген адам – нағыз отаншыл азамат. Адал еңбекпен келген табыс әрқашан берекелі болады. Ал жалқаулық пен жауапсыздық қоғамды алға бастырмайды.
Президент қоғамға бос сөз, жалаң ұран немесе құр уәде емес, нақты нәтиже мен шынайы еңбек қажет екенін ерекше атап өтті. Бұл – қоғамда еңбекқорлық, жауапкершілік және іскерлік қасиеттерді дәріптеу керек деген маңызды ой.



