
ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ
Референдум-2026
ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ДАУЫСЫМЫЗ МАҢЫЗДЫ
Ақмол ауылындағы №640 референдум учаскесіне келушілер саны сағат сайын артуда. Ауыл тұрғындары, жастар мен қоғам белсенділері, зейнеткерлер референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.
Референдум учаскесінің төрайымы Бекімова Қарлығаш Мергенқызы қазірдің өзінде жұртшылық тарапынан белсенділіктің аса жоғары екендігін айтты.
«Расында да бұл референдумда әрбір азамат дауысының маңызды екендігі аян. Олардың ел тағдырын айқындаудағы таңдаулары дұрыс болуы тиіс. Сондықтан ұстанған бағыттары, жауапкершілік сезімдері зор маңызға ие», — дейді Қарлығаш Мергенқызы.
Қазіргі кезде референдум учаскесіне келіп дауыс бергендердің саны 250-ге жуық. Кешке дейін барлық сайлаушылар өз дауыстерін беріп үлгереді деген сенім бар. Учаске бойынша сайлаушылар саны 2229 адам.
Р. ҚАДІРЖАН.
Ақмол.



