Закон и Общество

ӘКІМ САЙЛАУЫ – ЕЛГЕ СЫН 

Сайлау-2026

ӘКІМ САЙЛАУЫ – ЕЛГЕ СЫН

Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды демократиялық қадам. Ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін нығайтып, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтеді. Сондай-ақ, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттырады. Демек, ауыл әкімі тек сайланып қана қоймай, оны сайлаған қауымдастық алдында бақылауда болады.

Бүгін, яғни 1 наурыз күні Целиноград ауданының Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтіп жатыр.

Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округіне қарасты Сарыадыр ауылы № 682 сайлау учаскесінің төрайымы Әсемгүл Өмірбекқызы Шоқыбаева.

Бұл елді мекенде 121 сайлаушы тіркелген екен. Бұл ауылда болғанымызда 40-қа жуық сайлаушы өз таңдауларын жасап үлгерген.

Бұл учаскеде де жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Мұнда тұңғыш рет дауыс беруге келген жастарға, қарт адамдарға арнайы сайлықтардың тапсырылғанына куә болдық.

 

Р. ҚАДІРЖАН, өз тілшіміз.

Сарыадыр.

Другие новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»