
Закон и Общество
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА
Сайлау-2026
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА
Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округіне қарасты Р. Қошқарбаев елді мекенінде ауыл әкімін сайлау өз дәрежесінде жүріп жатыр.
№681 сайлау учаскесінің төрайымы Қазима Тұрсынғалиқызы Бейсенова Әнұраннан бастау алған бұл игі шараның таңғы 7.00-ден бастап қызу жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.
Рахымжан Қошқарбаев ауылында 711 сайлаушы тіркелген екен. Сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша 60-қа жуық адам сайлау учаскесіне келіп өз таңдауларын жасаған екен.
Бұл учаскеде жұмыс жақсы ұйымдастырылған. Келушілер саны да көңілге қонымды. Сондай-ақ, мұнда бірінші келген дауыс берушіге арнайы сайлық тапсырылды.
Р. ҚАДІРЖАН, өз тілшіміз.
Р. Қошқарбаев
қарбаев.



