
Закон и Общество
Абай – ұлттың ұлы ұстазы, рухани жаңғырудың темірқазығы
Абай – ұлттың ұлы ұстазы, рухани жаңғырудың темірқазығы
Бүгін – қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл.
Абай – халқымыздың рухани әлемін байытқан, сөз өнерін биікке көтерген тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздері – адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа, бірлік пен әділдікке шақырған мәңгілік өсиет.
«Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» – Абайдың әрбір сөзі ғасырлар бойы мәнін жоғалтпай, ұрпақ санасына сәуле шашып келеді.
Бүгін біз ұлы Абайдың мерейтойын атап өтіп қана қоймай, оның асыл мұрасын дәріптеу арқылы болашаққа жол сілтейміз.
Целиноград ауданы Аналар кеңесі.



