Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз.
6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом саласының мамандарына хабарласып, елімізде салынатын АЭС әлеуеті жайлы білдік. «Ядролық физика институты» РМК бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев АЭС құрылысы жайында пікірімен бөлісті.
Асхат Бекбаев, «Ядролық физика институты» РМК бас инженерінің орынбасары:
«Қазіргі таңда Қазақстан күнделікті пайдаланатын электр энергиясын Ресей мен Қырғызстан елінен алуға мәжбүр болып отыр. Оның қуаты 2 гВ дейін сатып алып жатырмыз. Егер біз АЭС өз елімізде салатын болсақ, біз көрші мемлекеттерден сатып алмай, еліміздегі электр тұтынудың біраз бөлігін өзіміз жабатын едік. АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз. Одан бөлек, АЭС құрылысына 8 мыңнан астам жұмыс күші жұмылдырылатын болады. Бұл жаңа жұмыс көздері, одан бөлек мультипликативті эффект береді. Станция салынатын өңірде кішігірім бизнестер дамиды. Жаңа жол торабы мен емхана, мектеп, балабақша сынды әлеуметтік нысандар да бірге салынады. Ал АЭС салынғаннан кейін 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар инфрақұрылымдар дамиды. Ең бастысы елімізде тұрақты электр көзі болады. Мысал күн мен жел электр станцияларын пайдалану 18 пайыз болса, АЭС энергиясын пайдалану 90 пайызды құрайды. Еліміздің АЭС салуға географиялық жағдайына келсек, бүгінде Балқаш жағалауындағы Үлкен ауылы таңдалып отыр. Бұл өлкеде ССР кезінде сарапшылардың айтуынша АЭС салынбақшы болған екен. Өңір сейсмикалық әрі геологиялық жағынан қолайлы деп танылған. Қазірдің өзінде біздің мемлекет сол өңірді таңдап отыр. Одан бөлек, ол өңір солтүстік пен оңтүстікті қосатын электр желілерінің торабы саналады. Бүгінде біздің мемлекетке 4 елдің реакторы ұсынылып отыр. Ол Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея мен Франция мемлекеттері. Бұлардың қауіпсіздігі өте жоғары су реакторлары. Бұл мемлекеттердің реакторлары технологиясы жағынан алдыңғы қатарда. Мысал ретінде Оңтүстік Кореа мемелекетін алсақ болады. Жер көлемі бойынша ол мемелекет шамамен Алматы облысындай аумақты алып жатыр бірақ мемелекетте 26 реактор (АЭС) кәзіргі уақытта тағы 2 реактор (АЭС) салыну үстінде. Бұл энергия көздері елдің өнер кәсібін дамытуға үлкен үлес қосуда. Мысалға электроника жасау бағыттары, шикі зат өндеу бағыттары, авто көлік шығару бойынша әлемде алғашқы қатарда тұрғаны елге мәлім. Осы өнер кәсіп орындарының тұрақты жұмыс істеп тұруына тұрақты энергия көздері кепіл болды».