Депутат тұрғындарды қабылдады
Целиноград аудандық мәслихатының депутаты Ж.Н.Хасенова Талапкер ауылдық округінде азаматтарды қабылдады. Қабылдауда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған аналар, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Аналардың тарапынан көтерілген мәселе әлеуметтік нысандарға, балабақшаларға, мекемелерге қатынау барып-келуде көлік мәселесі қиындық туғызатындығы, балардың балабақшаға орналасу мәселесі айтылды.
Бұл мәселе бойынша депутат Ж.Н.Хасенова «Болашақ», «Батыр» қоғамдық бірлестіктерімен «Инватакси» көлігі жайлы сөйлесіп, өз ұсынысын жеткізетіндігін ескеріп өтті. Қабылдау барысында сонымен қатар Талапкерге келген «Күміс волонтерлік» қозғалысының мүшесімен де кездесті. Қабылдауда болған «Күміс волонтерлік» қозғалысы мүшесі өз тарапынан Талапкер ауылындағы абаттандыру, қоғамдық жұмыстарға да өз септігін тигізетіндігін, Талапкер ауылында елуден асқан еріктілер жұмысын жандандыруға ат салысатындығын жеткізді.
Айта кетсек, Қазақстанда «күміс волонтерлік» қозғалысы былтырғы жылдан бастап қарқын алуда. Оның мақсаты: 50 жастан асқан адамдарды волонтерлік қызметке тарту. Жас ерекшелігіне қарамастан азаматтарды волонтерлік қызметке тарту, «күміс» волонтерлікті дамыту, сондай-ақ, еріктілік арқылы аға буынның белсенді ұзақ өмір сүруін дамыту болып табылады.
Жалпы волонтерлік арқылы білім мен тәжірибе жинақтаған адамдар жаңа білім мен дағдыларды игеру және қоршаған ортаның дамуына ықпал ету арқылы еліміздің әлеуметтік өміріне белсенді қатыса алады.
Азаматтарды қабылдау барысында тұрғындардың жол жөндеу, жер учаскесі, т.б. жеке сұрақтары қарастырылды. Азаматтарды қабылдау барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес өткізілді.