Аудан өмірі

Целиноград ауданында белсенді жастар марапатталды

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында Целиноград ауданында қоғамдық және мәдени өмірге белсенді қатысып, өңірдің дамуына үлес қосып жүрген жастар өкілдеріне құрмет көрсетілді. Шараға қатысушыларды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары Алма Айтқожинова құттықтады.

«Еліміздің болашағы білімді және талантты жастардың қолында. Бүгінгі таңда қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланған жастар алдыңғы ұрпақтың жолын жалғастырып, елдің дамуы мен гүлденуіне үлес қосуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жаңа белестерді бағындырып, Отанымыздың өркендеуі жолында зор табыстарға жететіндеріңізге сенімдімін», — деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.

Шара барысында Алма Айтқожинова аудан әкімінің белсенді жастарға, соның ішінде волонтерлер мен түрлі қызмет салаларының өкілдеріне алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың арасында Целиноград ауданы Ақмол ауылдық округінің учаскелік инспекторы Ақылбек Тасболатов бар. Ауыл тұрғындарының өздері атап өткендей, жас жігіт ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, офицерлік шенді абыроймен атқарып жүр. Ол қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуден басқа, ауылдың әлеуметтік өміріне, ауданның мобильді мониторингтік тобының жұмысына қатысады.

Аудан жастарының көрнекті өкілдерінің бірі Целиноград балалар -жасөспірімдер спорт мектебінің маманы Бексұлтан Матмұратов. Жас жігіт карантин кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік тауарларын, сондай-ақ зейнеткерлерге дәрілік препараттарды жеткізу бойынша көмек көрсетті.

Айталық, Целиноград ауданында 14 пен 29 жас аралығындағы 17 000-ға жуық жастар тұрады.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button