АУЫР ЖАҒДАЙДАН СҮРІНБЕЙ ӨТЕЙІК
#Күшіміз бірлікте
Қаңтар айының бас кезіндегі елімізде орын алған дүрбелең барысында арандатушылардың қастандық әрекеттері қаншама жандардың қанын төкті. Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Семей т.б. қалалардағы тәртіпсіздіктер халқымыздың бейбіт өміріне кері әсерін тигізді. Сондықтан қоғамдағы ұзақ жылдар бойғы қордаланған мәселелерді шешу бүгінгі таңдағы біздің аса жауапты міндетіміз.
Мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғап тұрған қызметкерлеріміз дін, ішкі істер, арнаулы топ қызметкерлерінің жұмысын жақсарту, олардың еңбекақыларын көтеру керек.
Қаржы жүйесін жақсартпайынша еліміздің экономикалық әлеуетін көтеру мүмкін емес. Елімізде ауыл шаруашылығының жағдайы аса ауыр сәттерді бастан кешірді. Бұл салада әлі де шешімін табарлық мәселелер бар.
Ауыл — елдің бесігі, қазақтың алтын қазығы. Ауыл халқының жағдайын жақсарту, кедейшілікті жою да басты міндетіміз. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін барлық мүмкіндіктер жасалады. Еліміздің ішкі тәртібін жақсарту және тұрақтандыру бүкілхалықтық іс екенін ұмытпайық.
Жер жаһанға таралып жатқан ковидтің қауіптерін жоюды әрбір азамат өз міндетім деп санауы тиіс. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауға алу керек.
Шынайы Жаңа Қазақстанды құруға бағыт алған осы сәттен бастап әрбір жауапты адамдардың өз қызметіне деген жауапкершілігі арттырылсын.
Дина ӘБДІРӘСІЛОВА, жергілікті қауымдастық мүшесі.
Қоянды.