Аудан өмірі

Аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Бүгін азаматтардың жеке қабылдауда 6 өтінішін қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысып, бірден жергілікті жерлерде адамдарға кеңес берді.

Негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары мәселелері қозғалды.
«Нұрлы» ӨК төрағасын газдандыру, пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою мәселелері қызықтырды. Ақмол ауылының 2,3,4 шағын аудандарының тұрғындары жылумен жабдықтау, жол, жарықтандыру, ҚТҚ шығару және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініш білдірді. Қоянды ауылының тұрғыны үйдің жанында орналасқан батпақты жерді толтыруды сұрады. Екі өтініш жер сипатына қатысты болды.

Барлық айтылған мәселелер бойынша өтініш білдірген азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелер одан әрі қарау үшін тиісті құрылымдық бөлімшелерге берілді.

Жеке қабылдауға алдын ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болатыны ескертілді.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button