Заң және Қоғам

ЖРВИ, тұмау   

ЖРВИ, тұмау

 

Тұмау үнемі өзгеріп отыратын вируспен шақырылып респираторлы аурулар секілді өтеді. Адамнан адамға негізінен ауа-тамшылы жолмен жұғады.

Әлем бойынша осы вирусты жұқтырған адамдардың көбінде ауру жеңіл және орташа ауырлықтағы ағымда өтеді. Алайда, өте ауыр түрлері де, тіпті өлім жағдайлары да тіркелген.

Тұмау дегеніміз не?

Тұмау — жасы мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын ауыр вирустық инфекция.

Тұмаудың негізгі белгілері қандай?

Оған дене қызуының жоғарылауы, жөтел, тамақтағы ауырсыну, бұлшық ет пен буындардағы ауру сезімі, бас ауру, шаршаңдық, кейде- құсу мен іш өту белгілер тән.

Тұмаудың ерекшеліктері

Ересек адамдарда тұмау белгілері жедел түрде дене қызуының жоғарылауынан, бас ауру, бұлшықет және буын ауруынан басталады.

Ал балаларда тұмау әртүрлі ағымда өтеді: біреулері әлсіреп, көп ұйықтайтын болса, ал басқалары мазасызданып, тітіркенгіш болып, дене қызуы 37-38 градусқа дейін жоғарылап, тыныс алу қиындайды.

Тұмау өте жұқпалы!

Тұмаумен ауырған адам аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 1 күннен бастап ауру басталғаннан 7 күнге дейін жұқпалы болуы мүмкін.

ЖРВИ, тұмаудың эпидемиялық маусымы қыркүйек айының орта кезінен басталып сәуір айына дейін жалғасады. Целиноград ауданы мен Қосшы қаласы бойынша 2021 – 2022 эпидемиялық маусымында бүгінгі күнге дейін барлығы 3736 жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 1630.

Тұмау вирусының таралуының алдын-алу үшін мына шараларды орындау қажет:

2. Бөлмелерді дезинфекциялық заттарды пайдаланып ылғалды жуып жинау

3. Бөлмені үнемі желдету

4. Балаларға жиі қол жууды үйрету (20 секунд бойы). Және оларға үлгі ретінде осы процедураны ата-аналар да жасау қажет

5. Балаларды жөтелгенде және түшкіргенде ауызды таза шүберекпен жабуды үйрету. Ата-аналар да бұны жасау қажет. Науқастарға 1,5-2 метрден жақындамауды түсіндіру.

6. Ауырған балалар үйде қалулары қажет (мектепке дейінгі және орта білім беретін мекемелерге бармау).

7. Адамдар көптеп жиналған жерлерге бармау

Егер балаларда дене қызуының жоғарылауы, тамақтағы ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, бұлшық ет пен буындардағы ауру сезімі, бөртпелер, құсу , іш өту сияқты белгілер пайда болса, ата-аналар еш кешіктірусіз дәрігер көмегіне жүгінуге міндетті!

Тұмауға қарсы белсенді егу иммунизациясын жасау- тұмаудың алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады. Екпені балаларға 6 айлық мерзімнен бастап жасауға болады.

Тұмауға қарсы екпеге жататын қауіп-қатер тобы:

— жүкті әйелдер 2-3 триместрде

— медқызметкерлер

— Д-есепте тұратын балалар

— Д-есепте тұратын ересек адамдар

— жабық мекемелердегі балалар

— мектеп-интернаттардағы балалар

— қарттар үйінде тұратын адамдар

Иса Әбсаттар Үкібайұлы Целиноград аудандық СЭББ басшысы

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button