Заң және ҚоғамСаясат

ЖІГЕРІ ЖАСЫМАҒАН ЖАН

Жерлесіміз, Қараөткел ауылының мақтанышы, көптеген паралимпиада ойындарының  жеңімпазы Сиязбек Далиевтің жетістіктері  туралы айта кеткен артық болмас.

Сиязбек  1990 жылғы 7 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бірақ туғаннан  ауданымызға қарасты Қараөткел ауылындағы  ата-әжесінің қолында тәрбиеленді. 1997 жылы мектеп табалдырығын аттады.

          

Қатал тағдырдың жазмышы ма,  12 жасында келеңсіз жағдайға тап болып екі қолынан бірдей айырылды. Бірақ басына түскен осы қиындыққа мойымай, жігерін жани білді. Қазіргі таңда паралимпиада ойындарының  үш дүркін чемпионы атанып отыр.

Жерлесіміз  осы салада өзінің жетістіктерімен Қазақстанның даңқын әлемге  танытып келе жатқан тамаша спортшы. Дүниежүзінің чемпионы, Азия және Олимпиада ойындарының  жүлдегері,  Қазақстан Республикасы Паралимпиадалық құрамының мүшесі.

Әрине, әрбір жеңістің  оған ауыр еңбекпен, қажырлы күшпен келгендігі даусыз. Осы  жеңістерге  жетуінің бірден-бір себепші –  әжесі  Меруерт Ақатайқызы Байжанова деске болады.  Ол  немересі ауыр жағдайға душар болғанда, жас баланың сағын сындырмайын деген ниетпен  суда жүзу спортының  жаттығу залына алып келді. Сиязбек  осы кезден алдына нақтылы мақсат қойып, ата-әжесінің үмітін ақтауға күш салды. Тәні мен рухының мықтылығы арқасында, барлық қиындыққа төтеп беріп келеді. Сиязбек қазірде отбасылы.  Адал жары, екі баласы, қамқоршы ата-әжесі бар бақытты жан.

Республика күні мерекесі қарсаңында  паралимпиада ойындарының жеңімпазы Сиязбек Далиевті және қамқоршы әжесі Меруерт Ақатайқызын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айсұлу Олжабайқызы Дүйсебекова мен  ауылдық округ  әкімі Азамат Серікұлы арнайы құттықтады.

Осындай қайсар мінезді, жігерлі жанның  келешек ұрпақ   үлгі  тұтар  тұлға екендігінде дау жоқ.  Дүбірлі додаларда еліміздің көк туын әлемге танытып келе жатқан жеңімпазымыздың болашақта  шығар биіктері көп болсын деп тілейміз.

С. СӘЛМЕНОВА, әкімдік маманы.

Қараөткел.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button