![](https://vestiakmola.kz/wp-content/uploads/2025/02/ЦОН-Коянды-3-780x470.jpg)
ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Аудан тынысы
ендігі жерде халыққа қызмет көрсетудің сапасы жақсарады
Қоянды ауылында Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа бөлімшесі ашылды. Бұл игі іс аудан әкімдігі мен прокуратураның және «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» НАО-ның ынтымақтастығы арқасында ашылды.
Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали мен аудан прокуроры Дәурен Базарбаев, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық өкілдері жаңа бөлімшенің жұмысымен танысты.
Дарын Сабырғали өз сөзінде ХҚК орталығы бөлімшесінің ашылуы жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды орын алатындығын атап өтті. Бұл аудандағы мемлекеттік қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ ауыл жұртшылығы үшін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін жақсартуға жасалған маңызды қадам болмақ.
Аудан прокуроры Дәурен Базарбаев өз кезегінде тұрғындарға құқық белгілейтін құжаттарды дер кезінде жасаудың маңызды екендігін тағы да ескертіп өтті. Бұл көптеген заң тұрғысындағы кедергілердің алдын алуға мүмкіндік береді.
«Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» НАО-ның Целиноград ауданы бойынша азаматтарға қызмет көрсету филиалының жетекшісі Ержан Кемелбеков жаңа бөлімшенің қызмет аясы кең болатындығын атап өтті. Мұнда жылжымайтын мүліктерді тіркеу, ЭЦП, әлеуметтік қызмет, басқа құжаттарды жасау бойыншы сапалы қызмет көрсетіледі. Жұртшылыққа ыңғайлы болу үшін ресепшен, өз-өзіне қызмет көрсету және азаматтарға қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.
Бұрындары қояндылықтар қызмет көрету орталығының шалғайлығынан көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп жүрді. Олар белгілі бір құжатты алу үшін Астанаға немесе аудан орталығына сабылатын.
Осы мәселені шешу үшін өткен жылы еліміздің Бас прокурор Берік Асыловтың нұсқауымен Ақмола облысының прокуратурасы ведомствоаралық жұмыс тобын құрған еді. Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметтің қолжетімді әрі жедел ұсынылуы бағытында арнайы жоспар жасылды. Өткен жылдың шілде айынан бастап, Қондыдағы №2 жалпы білім беретін мектепте Целиноград аудандық ХҚК орталығының, сондай-ақ жер кадастрын тіркеу, БТИ, сәулет және жер қатынастары бөлімінің мамандары уақытша жұмыс істеді. Бұл «бір терезе» принципі жұмысын енгізіп, осы бағыттағы жұмыстарды жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Жаңадан ашылған бөлімше Қоянды ауылы әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Мекен-жайы: Жүнісов көшесі, 11 үй. Жұмыс күндері дүйсенбіден- жұма күндері түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
ХҚК орталығында үш білікті маман тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Р. ҚАДІРЖАН.
Қоянды.