Ауыл – Ел бесігіЗаң және Қоғам

ЖАҢА КЛУБ АШЫЛДЫ

Ұлу жылының қарсаңында Ақмешіт ауылында жаңа клуб тұрғындар  игілігіне берілді  

 

Игі шараға қатысқан аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков ауыл тұрғындарын шын жүректен құттықтап, ендігі жерде мәдени ошақтың жұмысы жанданатындығына сенім білдірді. Ол  өз  сөзінде елді мекеннің жас-кәрісіне дейін осы жерде уақыттарын мазмұнды өткізеді деп атап өтті.

-Жаңа ауыл клубында  мәдени оқиғалар  жиі өткізіліп, талантты жастардың легі өсе түсетіндігіне сенімдімін. Енді кешкілік бас қосып, мәдени-бұқаралық шараларды жиі өткізуге мүмкіндік бар. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын деді өңір басшысы.

Шашу шашылып, бата берілгеннен кейін меймандар клуб ішін аралап көрді. Ауыл клубының жалпы аумағы 195 шаршы метр. Ішінде 100 орынға лайықталған  көрермендер залы, кабинет пен қазандық  бар.

Айта кететін жәйт, Ақмешіт ауылының тұрғындары бірнеше жыл бойы Мәдениет үйінің жоқтығынан мәдени шараларды өткізу мәселесі бойынша қиындық көріп келді. Осыған орай жергілікті жұртшылық аудан әкіміне бірнеше рет өтініш-талаптарын қойған-ды. «АКА» ЖШС басшылығымен келіссөз жүргізудің барысында ауылдың бұрынғы дүкені қайтарымсыз негізде « Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту» мемлекеттік мекемесі жанындағы  «Аудандық мәдениет үйі»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына берілді.

Өткен жылдың басында «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында клуб үйін жөндеуге 42 миллион теңге қаржы бөлінді. Тендер жарияланып, осының негізінде «Бек -Строй Астана» ЖШС жеңімпаз деп танылып, іске кірісті. Енді міне, 2023 жылдың желтоқсанында жөндеу жұмыстары толық аяқталып, Ақмешітте көптен күткен мәдени ошақ жұртшылыққа есігін айқара ашты.

-Ауыл   тіршілігінде  енді өзгеше бір леп пайда болады, бұл үлкенге де,  кішіге де зор қуаныш сыйлаған оқиға болды. Енді бос уақытта жиналып, түрлі шараларды өткізуге мүмкіндік мол,  — дейді ауыл тұрғындары.

Т. ТӘШКЕЕВ, өз тілшіміз.

Ақмол.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button