Барлық жаңалықтарМәдениет

«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» облыстық конкурсының ережесі

 Конкурстың атауы және өтінімдерді қабылдау мерзімі

           «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық конкурсы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау ағымдағы жылғы                      10 — 31 тамыз күндері аралығында zhastar_akmo@mail.ru электрондық мекен-жайға  жолдау арқылы жүргізіледі.

 

  1. Ұйымдастырушы

«Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

 

III. Конкурс өткізуге негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы            9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жастарын қолдаудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары», Ақмола облысы бойынша мемлекеттік жастар және отбасы саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.

 

  1. Мақсаты

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық конкурсының мақсаты дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру, отбасылық тәрбиенің басымдығының маңыздылығын негізге ала отырып қоғамда қыз баланың тәрбиесіндегі ата-ана рөлін арттыру, өскелең ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра отырып, қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: қарапайымдылық, имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, т.б. негізінде ұлттық мәдениетті, дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу және әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу, адамгершілікті, руханилықты нығайту, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу, дарынды, белсенді, үлгілі қыздарды айқындау, денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.

  1. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар
  2. Конкурсқа жасы 18-29 аралығындағы қыздар қатыса алады.
  3. Өткен жылы жүлделі орынға ие болған бір үміткерді жүлделі орынға қайта ұсынуға жол берілмейді. Бұл ретте бір ғана үміткерді марапаттау бір орыннан артық ұсыныла алмайды.
  4. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша үміткерлер қатысады.
  5. Конкурсқа қатысуға өтінім толтырылады және өтінімге келесі құжаттар бірге тапсырылады (жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі, оқу орны немесе жұмыс орнынан қолдау хат, мінездеме, тұрғылықты жердің мекен-жайы, байланыс номерлері).
  6. Конкурс қатысушылары келесі шарттар бойынша сайысқа түседі:
  7. «Қыз өссе – елдің көркі». Таныстыру (Конкурс қатысушысы өзін таныстырады. Сырт түр-келбеті, шашы, киімі, сөйлеу мәнері, өзін ұстау мәнері бағаланады. Қоғамдағы белсенділігі, хоббиі, отбасы туралы ақпарат) – 2 мин. дейін.
  8. «Қызым саған айтамын…». Қатысушы өз анасымен бейнеролик түсіру – 3 мин. дейін.
  9. «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды». Ана монологы (қазақ авторларының классикалық және заманауи әдеби шығармаларынан үзінді) – 5 мин. дейін.
  10. «Салт-дәстүрім —  алтын қазынам». Отбасы мүшелерімен            (3 адамнан кем емес) бірге ұлттық салт-дәстүрден қойылым — 10 мин. дейін.
  11. «Қыз еркем – өнерімен көркем». Кесте тігу байқауы. Әр қатысушы 10 мин. ішінде кесте тігеді. Әр қатысушыға мата мен жіп, ине беріледі.
  12. «Зерделінің ойы озық» ситуациялық сұрақтарға жауап беру – 3 мин. дейін.

 

  1. Жүлделі орындар бойынша облыстық сыйлық беру және конкурс қорытындысын шығару жөніндегі қазылар алқасы
  2. Қазылар алқасы мүшелерінің құрамын Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы 5 (бес) адамнан кем емес адамды бекітеді және хатшыны анықтайды. Қазылар алқасы мүшелерінің құрамына отбасылық-гендерлік саясат саласында қызмет атқаратын кәсіби мамандар, білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласының өкілдері, ҮЕҰ-ның өкілдері, т.б. кіреді.
  3. Хатшының дауыс беру құқығы жоқ.
  4. Комиссия:

– 1,2,3-жүлделі орындар мен 3 ынталандыру орындарына кандидатураларды қарайды;

  • жеңімпаздарды анықтайды.
  1. Жүлделі орындарды беру туралы шешімді қазылар алқасы 1-ден 10-ға дейінгі баллдық дауыспен қабылдайды. Қазылар алқасының жүлделі орындарды беру туралы шешімі түпкілікті және талқылауға жатпайды.
  2. Конкурстың қорытындылары хаттамамен ресімделеді, оған қазылар алқасының мүшелері қол қояды.

 

 

VII. Облыстық жүлделі орындарының жеңімпаздарын

марапаттау

  1. Жүлделі орындардың сый-сияпаттары Конкурс ұйымдастырушысы, Тапсырыс берушінің келісімі бойынша, салтанатты жағдайда конкурс комиссиясының шешімінен кейін Қазақстан аналар күніне орай тапсырылып марапатталады.

 

 

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі»  облыстық конкурсты өткізу Ережесіне қосымша

 

«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» облыстық байқауына қатысуға

өтінім

  1. Тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Туған күн датасы (күні, айы, жылы) ____________________________________________
  3. Оқу (жұмыс) орныңыз________________________________________________________
  4. Тұрғылықты мекен-жайыңыз _________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Бұдан бұрын байқауларға қатыстыңыз ба? Қатыссаңыз қандай байқауларға қатыстыңыз? _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Жазушы әрі этнограф, Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметованың қатысуымен өткен бағдарламаларды, интервьюлерді көріп тыңдайсыз ба? Соңғы көріп тыңдаған тақырып туралы жазсаңыз

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Отбасыңызда қазақ халқының қандай ұлттық салт-дәстүрін қолданасыздар? _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» байқауына қатысудың себебі неде?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________
9.  Қандай хоббиіңіз бар ________________________________________________________

  1. Өзіңіз туралы қысқаша әңгімелеп жазсаңыз _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Өтінімге өз фотоңызды бірге беріңіз (2 данада)

12.Байланыс телефондары _________________________________________________________

Датасы _________________________ Қолы ______________________________

 

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button