Референдум-2024АЭС - 2024Заң және Қоғам

ЫНТЫМАҚПЕН ШЕШІЛЕТІН ІС

Бүгінгі 6 қазан — халқымыздың ынтымақ тірлігінің бір куәсі болды.
Таңғы 7-ден бастап сайлау учаскелеріне референдумге қолдау көрсету үшін ардагерлер, еңбек ұжымдарының өкілдері мен жастар лек-легімен келе бастады.
Жауапты шақта бірлік таныту —  ертеден қалыптасқан әдетіміз.
АЭС салу мәселесі баспасөз және әлеуметтік желілерде барынша кең талқыланды.  Бұған адамдар, жас ерекшеліктеріне қарамай, жан-жақты атсалысты.  Солардың қатарында біздер де бармыз.
Ескі үрдіспен, талап-тілектермен өмір сүру алдағы уақытта қиыншылықтар туғызатыны белгілі. Заман көшінен қалып қоюға болмайды.
Атом электр стансасы болашақ жарқын өмірдің кепілі болатыны анық. Мұндай іске батыл кірісіп, көрші елдер сияқты, барынша бет бұру керек.
Біздің Азия және Еуропа бөлігінде жатқан дос мемлекеттер оған бел буа кірісті. Тіпті, көрші Ресей, Қытай, сондай-ақ Өзбекстан шұғыл батыл қадамдар жасауда.
Қазақстан олардан кем емес. Дарынды жастарымыз, білікті мамандарымыз баршылық. Сондықтан, заман талабына сай күрделі істі қолға алу  — үлкен міндетіміз.
Жаңа батыл қадам елімізде серпінді істерге жол ашады. Маман-кадрлар осы бағдарлама бойынша дайындалып, тың жұмыс жобалары жүзеге асатыны сөзсіз.  Сондықтан, ертеңін ойлайтын дамыған елдер сияқты біз қатардан қалмауымыз керек.  Өмір — сабақ. Сабақты тек қана зерделі оқушы меңгереді.
Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Мен жастарға сенемін!».
Роза Қадіржанқызы,
Целиноград аудандық
«Есіл-Нұра» , «Вестник Акмола» газеттерінің қызметкері.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button