Құқық қорғаушы Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды
Құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оны «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған.
Салтанат Тұрсынбекова ұзақ жылдар бойы азаматтық құқықты, әсіресе әйелдер мен балалардың құқығын қорғап келеді. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу саласында белсенділік танытты.
Ол — Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар ол «Отбасылық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі болды.
8 қазанда Қарақат Әбден президенттікке ұсыну үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды. 2-3 күн ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі.
Кәсіпқой әлеуметтік қызметкерлер ұлттық альянсынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден ұсынылған еді.