ТЖМ қыс мезгілінде жолға шыққандарға өз ұсыныстарын берді
ТЖМ қыс мезгілінде жолға шыққандарға өз ұсыныстарын берді
Елді мекеннен тыс сапарларды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын зерттеу керек.
Көлік қозғалысы үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз.
«Ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ҰК сайтында жабық учаскелердің егжей-тегжейлі картасынан көруге немесе 1403 бірыңғай телефоны немесе 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады», — деді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«112» қызметінен ресми дауыл туралы ескерту алған кезде елді мекендерден шықпаған жөн.
Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл түрде бару қажеттілігі болса, теміржол көлігін пайдалану қажет