5 маусым республикалық референдумЗаң және Қоғам

Тоқаев: Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес

Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес екенін атап өткім келеді. Бұл түптеп келгенде оның бастауы. Жұмыс енді ғана басталады. Өйткені, өмірдің өзі және азаматтардың қажеттілігі біздің алдымызға жаңа міндеттерді жүктейтіні сөзсіз. Біз саяси салада «талдырма терапия» орынсыз екеніне сүйенуміз қажет», — деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысының пайымынша, күрделі геосаяси ахуалда ол келеңсіз салдарға, құлдырауға, тіпті мемлекеттіктен айырылып қалуға әкелуі мүмкін.

Сондықтан да осынау күрделі жолда әр қадамды ойластыра отырып, нық әрі сенімді басу қажет. «Тасыған өзеннен өтерде аяғыңның жерге тиетінін білуің қажет» дейді шығыс даналығы. Ең бастысы – қоғамымыз алғашқы қадам жасауға дайын және ол ең соңғысы болмақ емес. Реформаның міндетті түрде жалғасы болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

https://www.inform.kz/kz/tokaev-aldagy-referendum-bul-eldegi-sayasi-transformaciyanyn-songy-satysy-emes_a3939588

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button