Заң және Қоғам

Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандар айыппұл арқалайды

Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандар айыппұл арқалайды

Осы жылдың 15 наурызынан бастап Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін бизнестің жауапкершілігін арттыруға бағытталған Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске (ӘҚБтК) түзетулер енгізді.

«Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесін асырып жіберген кәсіпкерлер тек ескерту алатын. Енді бұл құқық бұзушылыққа бірқатар айыппұл, яғни, жеке тұлғалар мен шағын бизнес үшін – 5 АЕК (19 660 тг), орта бизнес үшін 35 АЕК (137 620 тг), ірі бизнес үшін 150 АЕК (589 800 тг) қарастырылған», — деді спикер.

Енді 190-бапқа енгізілген өзгерістерге сәйкес, сатушылар жауапкершілікке тартылады. Егер олар тұтынушы шағымына жауап бермей немесе уақытылы қарастырмаса, не болмаса тауарды белгіленген мерзімде айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартса жауап береді. Олар үшінде арнайы айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, 30-бапқа сәйкес, сатушы бірқатар шарттарға сай келетін тауарды 14 күн ішінде қайтаруды қабылдауға міндетті. Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кәсіпкерлерді жаңа талаптармен танысып, заңнаманы қатаң сақтауға шақырады. Бұл айыппұлдардан аулақ болуға және тұтынушылардың сенімін арттыруға көмектеседі.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button