ТҮСІНІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Референдум — 2024
Целиноград ауданында жұртшылық арасында АЭС салу мәселесі бойынша түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Таяуда АЭС салу мәселесі жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері әлеуметтік қамсыздандыру, Целиноград аудандық қазынашылық басқармасы ұжымдарымен кездесіп, азаматтарды республикалық референдумға ат салысуға шақырды.
«Amanat» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Азамат Қанапиянов елімізде атом станциясы салынуының маңызын атап өтіп, аталған жоба жүзеге асқанда пайда болатын жаңа мүмкіндіктердің жайын тілге тиек етті.
Кездесу барысында оған қатысушылар АЭС-тің салынуына қатысты әрқилы пікірлерін білдірді.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 2024 жылдың 6-қазанында референдум өткізуді белгілеген-ді. Бұл ел тарихындағы төртінші референдум болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімге «тағы бір кең ауқымдағы жалпыұлттық диалог деп баға беріп, оны Еститін мемлекеттің концепциясын жүзеге асырудың жарқын бір үлгісі» деп атады. Осыған орай азаматтардың мемлекеттік маңызды шешімдерді қабылдауға көптеп қатысуларына мүмкіндік бар.
Халықтық штаб тұрғындарды АЭС салуға дауыс беруге шақырады. Демек, бәріміз мықты және дамыған Қазақстанның болашағына мүдделі болуымыз керек.
Т. ТӘШКЕЕВ.
Ақмол.