Заң және Қоғам

Сарапшы Мәжіліс сайлауында саяси квота не үшін қажет екенін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс сайлауында әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдарға саяси квота тағайындау — пікірлер плюрализмін қамтамасыз етіп, біржақты көзқарасты жоюға бағытталған. Мұндай пайымды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Гүлмира Тоқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сайлау науқанының маңызды ерекшелігі — партиялық тізімдердегі квотаның кеңеюі және депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны есепке алу нормасы. Биылдан бастап Мәжіліс сайлауында партиялық тізімге әйелдер мен жастардан бөлек мүгедектігі бар жандар да саяси үдерістерге қол жеткізуде қиындықтарды бастан кешіретін әлеуметтік санат ретінде енгізілуі тиіс. Квотаның кеңеюі саяси қатысудағы теңдік қағидаттарын және шешімдердің инклюзивтілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Алайда, квоталарды бұрын шеттетілген топтардың өкілдері тек осы топтардың (әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар) мүдделерін қорғайтын механизм ретінде қарастыруға болмайды. Саяси квота тағайындаудың мақсаты — пікірлер плюрализмін қамтамасыз ету, біржақты көзқарасты жою және ортақ игілік үшін шешім қабылдауда мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету», — деп түсіндірді Гүлмира Тоқанова.

Сарапшы пікірінше, Мәжілістегі депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны есепке алу – сайлау процесіне енгізілген басты әрі маңызды түзетудің бірі.

«Квотаны есепке алу түсініктемесі болмаса, квотаның мән-мағынасы жоғалатын еді. Бұл жерде бұрынғы түзетудің қателіктері ескерілгені жайлы айта кету керек. Яғни әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның тек тізімдерді тіркеу кезінде ғана жүзеге асырылатыны енгізілді. Осылайша, партиялық тізім бойынша сайлауға қатысу квотасы биліктің заң шығарушы тармағында бұрын өкілдік етпеген қоғамның топтары үшін саяси қатысу квотасына айналады. Квотаға мүгедектігі бар аадамдарды енгізу және Мәжілістегі депутаттық мандаттарды бөлу кезінде квотаны есепке алу — азаматтардың заң шығару процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және бүкіл қазақстандық қоғамның мүдделерін қорғауға арналған. Квота механизмін жетілдірудің келесі қадамы мәслихаттардағы квотаны есепке алу нормасы болуы тиіс», — деп түйіндеді Гүлмира Тоқанова.

https://www.inform.kz/kz/sarapshy-mazhilis-saylauynda-sayasi-kvota-ne-ushin-kazhet-ekenin-tusindirdi_a4043491

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button