Заң және Қоғам

Сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар жүргізе алмайды

Бұл туралы «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі Жанар Бұқанова «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өткізген брифингіне айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Конституциялық реформаның кезінде заңға бірнеше өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес сайлауалды әлеуметтік сауалнаманы кездейсоқ ұйымдар, азаматтар жүргізе алмайды. Оны кем дегенде 5 жылдық тәжірибесі бар ұйымдар өткізеді. Сауалнаманы жүргізбес бұрын Орталық сайлау комиссиясын ескертіп, қай жерде, қандай сұрақтар қойылатыны жайлы тиісті ақпаратты беруі тиіс», — деді.

Сонымен қатар Жанар Қалиқанқызы шетелдік тәжірибені де мысалға кетіре кетті.

«Заңға енгізілген өзгерістердің басқа елдердің тәжірибесін негізге ала отырып енгізілді. Мәселен, Сингапурды алар болсақ, сайлау науқаны кезінде әлеуметтік сауалнамаларды жүргізуге шектеуге қойылған. Ал Ұлыбританияда сауалнаманы сайлауға дейін немесе одан кейін өткізуге рұқсат беріледі. АҚШ-та толығымен бостандық бар десе болады. Сауалнама нәтижесін қай уақытта жарияласа да өздері біледі. Одан басқа бірнеше мемлекет, оның ішінде Қазақстан да жүргізген сауалнама қорытындысын сайлау басталғанға дейін 5 күннен бұрын жарияламайды», — деді ол.

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша «Адал сайлау үшін» штабының 150-ден астам мүшесі халықты ақпараттандыру мақсатында сайлау заңнамасына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

 

https://el.kz/saylaualdy-aleumettik-saualnamany-kezdeysoq-uyymdar-zhurgize-almaydy_65786/

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button