Заң және Қоғам
Сағат 10.10-ға азаматтардың келуі туралы ақпарат
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алды.
Оның ішінде:
- Абай облысы бойынша – 15,13 %
- Ақмола облысы бойынша – 15,61 %
- Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%
- Алматы облысы бойынша – 15,32 %
- Атырау облысы бойынша – 12,94 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96 %
- Жамбыл облысы бойынша – 16,54%
- Жетісу облысы бойынша – 15,93 %
- Қарағанды облысы бойынша – 16,31 %
- Қостанай облысы бойынша – 16,23 %
- Қызылорда облысы бойынша – 12,64%
- Маңғыстау облысы бойынша –12,36 %
- Павлодар облысы бойынша – 16,49 %
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93 %
- Түркістан облысы бойынша – 15,62%
- Ұлытау облысы бойынша – 16,38 %
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11 %
- Астана қаласы бойынша – 13,58 %
- Алматы қаласы бойынша –8,51 %
- Шымкент қаласы бойынша – 12,57%
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 12.10-да, 14.10-да, 16.10-да, 18.10-да және 20.10-да берілетін болады.
Азаматтардың учаскелерге
келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.10-да беріледі.