«Шаңырақтың» шапағатты істері
«Nur Otan» партиясының «Өзгестер жолы: әр адамға бақуатты өмір» атты сайлауалды бағдарламасы тұрғындардың тұрмыстарын жақсартып, әл ауқаттарын арттыруға бағытталған. Бұл ретте «Шаңырақ басқарушы колмпаниясы» ЖШС-нің ілкімді істерін атап өтуге болады.
Аталған топ компаниясының құрылтайшылары А.А.Лоренц пен М.В.Божко еліміздің басты саласы — агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға күш салуда. Сонымен бірге «Әлеуметтік бағытқа бейімделген аудан» бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысында да нақтылы істер қолға алынған. Целиноград ауданы бойынша Жол картасының сайлауалды бағдарламасында аудан орталығындағы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбие беру ісіне баса маңыз берілген.
Александр Александрович пен Максим Владимировичтің бастамасымен және Е.В.Каштанованың жетекшілігімен 2020 жылдың тамызынан бастап, «Алтын әтеш», (бұрынғы атауы «Алтын балық») балабақшасының қызметі қайтадан жанданды. Қазірде 5 топтағы тәрбиеленушілердің саны да өсіп, 33-тен 102 ге жетті. Балабақшаның 15 түлегі аудан мектептерінде білім алып жатыр. Мектеп жасына дейінгі мекеме 150 балаға лайықталған. Алдағы жаңа оқу жылында осы межені бағындыру көзделген. Қазіргі кезде жаңа үш топқа арналған бөлмелерді жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Аудан орталығындағы әлеуметтік маңызы бар екінші нысанды пайдалануға беру Ақмол ауылындағы мектеп жасына дейінгі балақайларды біліммен, тәрбиемен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ететіндігі сөзсіз.
Наталья ГОРИЦЫНА,
«Феникс» филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
Ақмол.