Закон и Общество

ҚҰТТЫ БОЛСЫН АЙТАМЫЗ!

ҚҰТТЫ БОЛСЫН АЙТАМЫЗ!

Бүгін сіздерге танымал, саналы ғұмырын қазақтың салт-дәстүрін, әдет ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосып жүрген, үлкен мінбелерде республикалық баспасөз беттерінде елге танымал Дина Абдірасыл ханым жайлы бірер ауыз жылы лебіз білдірудің реті келіп тұр.

Біздің ауылдасымыз осы жылдың өзінде бірнеше рет аты аталып құрметті марапаттар иесі болды. Атап айтқанда, 2026 жылғы Дүние жүзі қазақтары құрылтайына арнайы шақырту алып құрмет грамотасымен марапатталған.

Ал бүгінгі күні Қазақстанның алтын кітабына есімі алтын әріппен басылып, жас ұрпаққа үлгі боларлық өмір жолы мен атқарған ұстаздық, журналистикалық шығармашылық жазбалары қысқаша осы кітап бетінде жаряланып отыр.

Ардагер ұстаз, қаламы жүйрік, көркем тіл, шебері ойы терең мағыналы ауылымыздағы мектеп ұстаздар ұжымымен бірлесе отырып жас ұрпақ тәрбиесіне үнемі атсалысып келеді. Ауылымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен жарқын болашағына үлкен сеніммен қарап, ой толғауын ортаға сала біліп, халыққа жеткізе отыратын, ардақты ана, ұлағатты ұстаз қаламгер, ардагерлер Кеңесінің белді мүшесі, Аналар ұйымының жетекшісі.

Дина Әбдірасылқызын осы жетістіктері мен елдің рухани мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Қоянды Ардагерлер кеңесі ұжымы «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген бір мейірімге толы қанатты сөзі мен аяқтай келіп, шын жүректен қазақтың көркем мінезді ақылды қызын құттықтаймыз!

Сізге мықты денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ өмір және шығармашылық жолында табыс тілейміз. Қаламыңыз мұқалмас, қарлығаштың қанатымен су сепкендей, ісіңіз бен көңіліңіз Көк Туымызбен бірге көгімізде шарықтай берсін.

Ізгі құрметпен Қоянды ардагерлер кеңесі.

Другие новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»