Uncategorized

1 октября истекает срок уплаты налога на имущество

 

 

1 октября наступает срок уплаты налога на имущество за период 2023 года. Об этом в ходе брифинга рассказала руководитель облуправления  непроизводственных платежей Департамента государственных доходов Назгуль Аюпова, передает Региональная служба коммуникаций.

 

Плательщики налога на имущество – физлица, имеющие жилища, здания, дачные постройки, гаражи, сооружения, помещения, земельные участки. Начисления производится отдельно по каждому объекту. К слову, к некоторым категориям граждан применяются льготы. Например, отдельно проживающие пенсионеры, лица, имеющие инвалидность, многодетные матери, участники ВОВ и приравненные к ним лица, труженики тыла и другие.

 

Произвести оплату налога граждане могут как наличными в любых отделениях банках, так и через мобильные приложения.

 

“Поступают сведения об активизации мошенников, поэтому не переходите на подозрительные ссылки, все уведомления Комитет государственных доходов направляет через кабинет налогоплательщика в электронном виде или на бумажном носителе”, — отметила руководитель облуправления  непроизводственных платежей Департамента государственных доходов.

 

Помимо этого, руководитель ведомства рассказала об итогах 3 этапа Всеобщего декларирования, который завершился 16 сентября. На данном этапе  декларацию об активах и обязательствах (ф.250.00) предоставили руководители и учредители юридических лиц, индивидуальные предприниматели, а также их супруги. По области количество таких лиц составляет чуть более 92 тысяч человек. Сведения предоставили 77 тысяч физлиц или 84%.

 

Также для налогоплательщиков, имеющих обязательства по предоставлению  декларации о доходах и имуществе (ф. 270.00), вошедших на 2 этапе срок по предоставлению также закончился. Таких лиц в регионе – 128 тысяч, сведения предоставили 117 тысяч, что составляет 91%.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пресс-релиз

 

Ақмола облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мүлік салығы», «Жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылға жеке тұлғалардан мүлік салығын (оның ішінде жер салығын) төлеу мерзімі 2024 жылғы 1-ші қазанда аяқталатынын хабарлайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 526-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар болып табылады.

Бұл ретте, Салық кодексінің 527-бабының 3-тармағына сәйкес бірлескен ортақ меншік кезінде мүлік салығын есептеу меншік иелерінің біріне жүргізіледі.

Сонымен бірге, Салық кодексінің 532-бабы 2-тармағына сәйкес, егер салықтық кезең ішінде салық салу объектісі меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы салық салу объектісінің меншік құқығында нақты орналасқан кезеңі үшін есептеледі.

Салық заңнамасының нормаларына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер қолданылады, оларға: жеке тұратын зейнеткерлер, мүгедектігі бар тұлғалар, көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері және басқалар жатады.

Қате төлемдерді болдырмау үшін көрсетілген деректемелерді пайдалана отырып, төлемдерді бір уақытта жүзеге асыру мүмкіндігімен нақты есептелген салық сомасын kgd.gov.kz сайтында «Алдағы төлемдер» сервисінде, / Egov/ Электрондық үкімет порталында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасынан,  сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы білуіңізге болады және 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білегу болады.

2024 жылдың 16 қыркүйегінде үшінші кезеңге енгізілген тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру мерзімі аяқталды.

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу болып табылады.

Үшінші кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырды. Облыста мұндай адамдардың саны 92 мыңнан сәл асады.

2024 жылғы 16 кыркүйегінде жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) 77 мың жеке тұлға немесе 84% ұсынды.

Сондай-ақ табыстар мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) ұсыну міндеті бар салық төлеушілер үшін  екінші кезеңге өткен 128 мың адам үшін де декларация тапсыру мерзімі аяқталды.

2024 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысаны) 117 мың жеке тұлға ұсынды, бұл 91% құрайды.

Декларацияны ұсыну тәсілдері:

Электрондық түрде — «салық төлеуші кабинеті» Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкіметтің» порталы (egov.kz), сондай-ақ «Е-Salyk Azamat», «e-Gov mobile».   мобильді қосымшалары арқылы. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұл декларацияны екініші денғейдегі (Каспи, Халық және тағы басқа)  банктерінің мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

Салық төлеуші ​​Декларацияны толтырмас бұрын уәкілетті органдардың интернет-ресурстарына өз бетінше кіріп, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу арқылы декларацияланатын мәліметтердің дұрыстығын тексере алады.

Жалпыға бірдей декларациялауды нақтылау үшін бірыңғай республикалық 1414 платформасында Байланыс орталығы іске қосылды.

Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде жарияланған.

Сонымен қатар, апта сайын сәрсенбі және бейсембі күндері департамент сұрақ-жауап форматында Zoom конференциялар өткізеді.  Идентификаторының нөмірі департаменттің әлеуметтік желілерінде орналастырылады.

 

      Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Другие новости

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Кнопка «Наверх»