Заң және Қоғам

Құрметті журналистер қауымы!

Ақмола облысы Еңбек инспекциясы

жөніндегі басқармасының басшысы

А.Х.Смайыловтың

Тезистері

.

2024 жылғы 27 қыркүйек

15:00 сағат.

Тақырып: 2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша еңбек инспекциясының атқарған жұмысы туралы

 

Құрметті журналистер қауымы!

 

 

2024 жылдың ағымдағы кезеңіндегі Еңбек инспекциясымен атқарылып жатқан жұмыстары бойынша баяндап беруіме рұқсат етіңіздер.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы қабылдайтын шаралар қызметкерлердің еңбек құқықтары бұзылуының алдын алуға және болдырмауға, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек жағдайларын және еңбекті қорғауды жақсартуға, оның ішінде жалақыны уақтылы төлеуге бағытталған.

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында 2024 жылдың ағымдағы кезеңінде Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы облыстың 158 кәсіпорындары мен ұйымдарына тексеру өткізді, 187 бұзушылық анықталды (2023 жылдың ұқсас кезеңі ішінде — 193, 175 бұзушылық анықталды), оның ішінде:

Еңбек қатынастары бойынша – 156 (2023ж — 148);

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 28 (2023ж — 22);

— халықты жұмыспен қамту бойынша – 3 (2023ж — 4).

Бұзушылықтарды жоюға жұмыс берушілерге 102 нұсқама берілді (2023 ж. — 118).

Еңбек заңнамасын неғұрлым өрескел бұзғаны үшін 53 лауазымды және заңды тұлғаларға 10 412,4 мың теңге сомасына әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды, 11 ескерту шығарылды (2023 ж. — 49 лауазымды және заңды тұлғаларға 8 179,3 мың теңге сомасына, 20 ескерту).

2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалардың 1298 өтініші қаралды, оның ішінде жалақы бойынша — 594, заңсыз жұмыстан босату мәселесі бойынша — 315, басқалары — 325, тіркелген қарсы өтініштер — 64.

Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың 30 кәсіпорнында 151 қызметкердің алдында 172,2 млн. теңге сомасында жалақы бойынша берешегін анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша анықталған берешек 134,9 млн.теңге жалпы сомасына ішінара төленді.

Осы кәсіпорындардың басшыларына 30 ұйғарым берілді және 6,1 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 21 жұмыскердің алдында 37,3 млн. теңге сомасында мерзімі өтіп кеткен анықталған берешек бар (Бұланды ауданының «Макинский каменный карьер» ЖШС (1,0 млн. теңге, 8 жұмыскер), Бурабай ауданының «Бурабай Жылу» ШЖҚ МКК-де 13 қызметкердің алдында 36,3 млн.теңге жалпы сомасына 2023 жылдан ауысқан мерзімі берешек бар).

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес 2 банкроттық кәсіпорында – 17 қызметкердің алдында 13,9 млн.теңге сомасында берешек бар («Металлон» ЖШС Ерейментау ауданы, «Фирма Синегорье» ЖШС Бурабай ауданы).

Жалақы бойынша берешекті өтеу жөніндегі шаралар «Оңалту және банкроттық туралы» Заңы шеңберінде қабылданады, оған бақылауды Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, облыс бойынша жеке сот орындаушыларының өндірісінде жүрген 11 кәсіпорындарда 26 жұмыскердің алдында 90,3 млн.теңге жалпы сомасына жалақы бойынша берешек бар:

Көкшетау қаласы бойынша 3 кәсіпорында 40,8 млн. теңге сомасына (12 жұмыскер):

— «АЛТЭКО АГРО» ЖШС — 3,6 млн. теңге, 1 жұмыскер;

— «Альфа-Газ-Кокше» ЖШС — 37,0 млн. теңге, 10 жұмыскер.

— ТОО «ARYJAN STROY» — 0,2 млн. тенге, 1 раб;

Степногорск қаласы бойынша 1 кәсіпорын:

— «Сага Крик Голд Компани» ЖШС — 12,8 млн.теңге, 1 жұмыскер,

Аршалы ауданы бойынша 2 кәсіпорын 1,1 млн. теңге сомаға (3 жұмыскер)

— Мельниченко Владимир Николаевич тұлғасындағы «МВН Империя Александра» ЖК — 0,1 млн.теңге, 1 жұмыскер;

— «Михайловское» ЖШС – 1,0 млн. теңге, 2 жұмыскер.

Бурабайскому ауданы бойынша 1 кәсіпорын 4,6 млн. теңге сомасына (1 раб.):

— «Богви» ЖШС — 4,6 млн.теңге, 1 жұмыскер,

Қосшы қаласы бойынша 2 кәсіпорын 6,7 млн. теңге сомасына (2 жұмыскер):

— «MURAT HOLDING» ЖШС – 1,2 млн. теңге, 1 жұмыскер.

— «Академия жилья» ЖШС — 5,5 млн. теңге, 1 жұмыскер.

Целиноград ауданы бойынша 1 кәсіпорын:

— «MINING CHEMICAL COMPANY» ЖШС — 8,5 млн. теңге, 1 жұмыскер.

Біржан Сал ауданы бойынша 1 кәсіпорын:

— «БАЙЛЮСТЫ-АЛТЫН» тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС — 15,8 млн. теңге, 6 жұмыскер.

Осы берешектер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң шеңберінде өтеледі.

2024 жылғы есептік кезеңі ішінде облыста өндіріске байланысты 38 жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде 2 топтық оқиға. 40 адам зардап шекті, оның 9-ы өліммен аяқталды. (2023 жылы – 29 өндіріске байланысты жазатайым оқиға, 31 адам зардап шекті, оның ішінде 6-ы өліммен аяқталды).

Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексерулер жүргізілді, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалды, олардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің кінәсінің үлесі айқындалды. Олар бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына берілді.

Жазатайым оқиғаларға әкелген себептер: зардап шегушiнiң өрескел абайсыздығы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерiнiң бұзылуы, жұмыс өндiрiсiнiң қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы, қауiпсiз еңбек тәсiлдерiне үйретудегi кемшiлiктер, автожол қозғалысы ережелерiнiң бұзылуы, жеке қорғану құралдарының қамтамасыз етiлмеуi немесе қолданылмауы және т.б. болып табылады.

Еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілерімен және лауазымды тұлғаларымен 87 семинар және сабақтар өткізді, онда тыңдаушылар саны 1637 адамды құрады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін түсіндіру бойынша баспасөзде және теледидарда 6 сөз сөйлеу жүзеге асырылды.

17 кәсіпорында өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізілді.

Облыстың 222 кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілген (оның ішінде ірі кәсіпорындарда – 50, орта кәсіпорындарда – 77, шағын кәсіпорындарда 95).

Облыстың 914 кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды, 1004 техникалық инспекторы бар.

Оқу-консультативтік орталықтарда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша 1009 басшылар мен мамандар оқытылып, аттестациядан өтті.

Атбасар қаласындағы «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтау бойынша жұмыс берушінің қызметін декларациялағаны үшін «Сенім сертификаты» табыс етілді.

Бұдан басқа, «Нөлдік жарақаттану-VisionZero» тұжырымдамасын енгізу және ілгерілету бойынша жұмыс берушілермен және кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізіледі. Облыс бойынша 3 277 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 5 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді («Altyntau Kokshetau» ЖШС (Зеренді ауданы), «Степногорск-водоканал» ШЖҚ МКК (Степногорск қ.), «Азия котломаш» ЖШС (Бурабай ауданы), «Азия Құрылыс» ЖШС (Бурабай ауданы), «Степногорск қ. білім бөлімі» ММ (Степногорск қаласы).

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 7366 ұжымдық шарт жасалынды және қолданыста бар, бұл облыстың белсенді жұмыс істеп тұрған 7685 кәсіпорындары мен ұйымдардың жалпы санының 95,8 % құрайды.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жасалған ұжымдық шарттардың пайызы орташа облыстық мәннен төмен өңірлер анықталды (95,8%): Көкшетау қаласы — 95,7%, Есіл ауданы — 95,6%, Біржан сал және Егіндікөл ауданы — 95,4%, Ерейментау ауданы — 95,1%, Степногорск қаласы — 95,0%, Қосшы қаласы — 93,4%, Целиноград ауданы — 93,3.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру шеңберінде (электрондық-еңбек шарттарын тіркеу) 23.09.2024 жылғы жағдайы бойынша Ақмола облысы бойынша 8 129 кәсіпорын (Жоспарланған 8 723 кәсіпорынның 91%-ы) тіркеуден өтті, 160 060 еңбек шарты жасалынды (Жоспарланған 170 302 электрондық еңбек шарттың 94%-ы).

Жалпы, бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және бақылауға алынған.

Назарларыңызға рахмет!

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button