Заң және Қоғам

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!

Баршаңызды 25 қазан Республика күнімен  шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні-  береке-бірлігімізді арттыратын елеулі күн.
Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше. Барша Қазақстан халқы ерекше қадірлейтін, өткеннен тағылым алып, келешекке байыпты қадам жасайтын маңызды күн. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл — біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Елдің даму көшінде ауданның әр азаматының өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді.
Бүгінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда ауданымыздың 95 жылдығы аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда.  Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.
Сіздерге мықты денсаулық, әр шаңыраққа қуаныш болсын! Береке-бірлігіміз жараса берсін!

Целиноград ауданының  ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Мурзагельдиев

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button