Заң және Қоғам

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Отандық ақпараттық кеңістікте және өзге де әлеуметтік медиада су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

 

Бұл ретте олар блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат тарату белгілері бар пайдаланушылардың пікірлерімен бірге жүреді, олар жалған қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық құқықтық тәртіпке теріс әсер етеді.

 

Мұндай теріс мәліметтерді тарату негізінен қасақана, өз мүддесінде немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде жүзеге асырылады.

 

Көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұндай іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделгенін, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Осыған байланысты Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және жоғарыда аталған кез келген құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, арандатушылыққа берілмеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button