Заң және Қоғам
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтеді.
«Еркін ел ұрпағы» диктанты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің жетістіктерін насихаттауға, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтар мен мұраттарды сіңіруге бағытталған.
Диктант қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру айқындалатын болады.
Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де мемлекеттік тілде онлайн және офлайн форматта өткізіледі. Диктантқа барлық ниет білдірген ақмолалықтар қатыса алады.
Ұйымдастырушы: Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, анықтама үшін телефон: 8 (7162) 72-20-11, 40-14-20.