РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ТУРНИР ӨТКІЗІЛДІ
Ақмола облысында Республика күніне орай облыс мектептерінің директорлары арасында волейболдан турнир өткізілді, оған білім ордалардың жүз шақты басшылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын, мектеп әкімшілігі арасында волейбол ойынын насихаттау, қатысушылар – мектеп директорлардың арасында командалық рухты күшейту. Осындай іс-шаралар арқылы жастарды спортпен шұғылдануға тартуға ықпал етеді.
«Турнирге 6 ауданнан мектеп директорлардан құралған командалар келді. Таңертеңнен басталған ойындар кешкі сегізге дейін жалғасты. Турнир барысында басшылармен пікір, тәжірибе алмасу ретінде мектеп жұмысы, оқу- материалдық базасы және бағыттарымен таныстырып экскурсия ұйымдастырылды», — деді биылғы ұйымдастырушы №7 мектеп-лицейінің директоры Дамир Сұрағанов.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының жеңімпазы болып Бурабай ауданының Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі аталды.
Тарихқа үңілсек, 2021 жылы Сандықтау ауданында алғашқы рет Ақмола облысының мектеп директорлары арасында волейболдан жарыс өткізілді. Бірінші орынға Зеренді мектеп директорлары ие болды.
Екінші осындай іс-шара 2022 жылы Зеренді ауданында өтіп, бірінші орын іегерлері Бурабай ауданының мектеп директорлары атанды.
2023 жылы 14 қазанда Республика күніне орай Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің базасында ұйымдастырылған Ақмола облысының мектеп директорлары арасындағы волейболдан тартысты бәсекеде Жақсы ауданының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Зеренді ауданы, үшінші орынды Бурабай ауданы иеленді. Белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласы, Біржан сал ауданы және Сандықтау аудандарының командалары марапатталды.