Республика күні қарсаңына Целиноград ауданының ақсақалдар кеңесі және әкелер кеңесі мүшелерімен кездесу өтті.
Целиноград ауданының 95 жылдығы аясында өткен кездесуге Целиноград ауданының әкімі Б.А.Оспанбеков, аудан әкімінің орынбасары А.К.Айткужинова, ауданың әкелер кенесінің төрағасы Мурзагельдиев А.А., ауданың әкелер кеңесінің төрағасы А.Ш.Қапанов, Целиноград ауданының Ішкі саясат бөлімі мамандары, ақсақалдар алқасы, әкелер кеңесі, ардагерлер кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында аудандағы қоғамдық шараларда белсенділік танытқан, отбасы құндылығын насихаттап келе жатқан ел ақсақалдары мен әкелер ауданның 95 жылдық мерейтой төсбелгісімен марапатталды. Жанұядағы ізгі дәстүрлерді дәріптеп, отбасы қорғаны ұрпағына өнегелі жан ретінде ақсақалдар мен әкелер атқарған еңбектеріне тоқталып, аудан әкіміне өз алғыстарын жеткізді. Отбасындағы әкенің рөлі туралы пікірлерін жеткізді. Бүгінде әкенің жанұядағы ғана емес қоғамдағы орны өзгелерге өнегелі ісімен, жастарға берер ақыл-кеңесімен маңызды. Осы мақсатта кездесуде әр округтен келген әкелер кеңесінің мүшелері де өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қызметте жеткен жетістіктері мен отбасы құндылығын насихаттап келе жатқан игі істеріне де тоқталып өтті.
Ақсақал — ел дариясы, әке — отбасы қамқоры қашанда. Өскелең ұрпақты отаншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеудегі жарқын үлгісі болған жандар.
Қоғамда ақсақалдармен әкелердің алар орны ерекше. Халқымыз қарттарды ақыл дариясы, әкені даналық қазынасы ретінде қадірлеген. Бүгінгі кездесудің орны ерекше болды.