Барлық жаңалықтарЗаң және Қоғам

РЕФЕРЕНДУМ – ӘРБІР ЖАННЫҢ МІНДЕТІ

Жуырда  Целиноград ауданының Рақымжан Қошқарбаев және Мәншүк ауылдары тұрғындарының арасында елімізде маусым айының басында өтетін Референдум тұрғысындағы  ақпараттық-түсінік жұмыстары жүргізілді.

Осынау маңызды миссия  бойынша  ауданға Референдумды қолдау негізінде құрылған республикалық штабтың  мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асқарбек Үйсімбаев  ат басын тіреді.

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарымен бірге  Ата Заңдағы өзгеріске ұшырайтын баптарды талқылап,  Референдумға қатысудың маңыздылығын тілге тиек етті.

Кездесу қызу талқыда өткендіктен, ауылдықтардың референдумға қатысты айтылған ұсыныс-тілектері ескерілетін болады. Мәжіліс депутатына ауыл тұрғындары тарапынан  өзге де  сұрақтар қойылды. Мәселен, Рақымжан Қошқарбаев ауылының тұрғындары Нұра өзенінің жағасын бекіту және Кеңес ауылының ескі зиратын ағын судан қорғау мәселелерін көтеріп, осы  бағытта көмек сұрады.

Азамат КАНАПИЯНОВ,

Целиноград ауданы  «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы.

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button