Референдум-2024АЭС - 2024Заң және Қоғам

ӘР АЗАМАТТЫҢ ДАУЫСЫ – МАҢЫЗДЫ

Референдум-2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 2024 жылдың 6-қазанына референдум өткізуді белгілеген-ді. Бұл референдум  елдің  стратегиялық шешім қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам болмақ.

Атом электр стансасын слу – еліміздің болашағы үшін жасалатын маңызды шешім деп ойлаймын.

Біріншіден, Атом электр стансасы салынатын болса, жастарымыз арнайы оқу орындарына түсіп, жаңаша мамандық алар еді. Сонымен қатар, көптеген жұмыс орындары ашылатыны анық.

Екіншіден – АЭС салынатын болса энергодефицит толығымен шешіледі.

Үшінші, АЭС салынғаннан кейін Қазақстанда уранды жоғары технологиялық байыту процессі басталады.

Төртінші, АЭС беретін электроэнергия қымбат болмайды.

АЭС салынса Қазақстанға тиер пайдасы көп болары сөзсіз. Бірақ, әрине ол уақыттың еншісінде.

Сондықтан, барша жерлестерімді осы аса маңызды мәселеге жауапкершілікпен қарап, 6 қазан күнгі референдумға келіп, дауыс беруге шақырамын.

Серік ҚАНАПИН, зейнеткер-ұстаз.

Ақмол ауылы.

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button