Заң және Қоғам
Президент: «Қазір – ерекше тарихи кезең.
Ғылым мен технология ғана емес, қоғамдық қатынастар да түбегейлі өзгеріп жатыр. Мемлекеттердің даму бағдары және басымдықтары басқаша сипат алды. Мұндай кезде батыл әрі жылдам әрекет жасау қажет.
Арқаны кеңге салып отыруға уақыт жоқ. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дереу іске кірісу керек. Тапсырмалар мүлтіксіз және уақтылы орындалуға тиіс. Әйтпесе, салдары ауыр болады. Реформалардың нәтижесін әрбір азамат нақты сезінуі қажет.
Алдағы жұмыстың басты өлшемі – осы! Баршаңызға табыс тілеймін!»