Заң және ҚоғамСаясат

Пайдалы семинар

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Семинарда негізгі спикерлер ретінде Орта­лық сайлау комиссиясының мүше­лері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегор­­цова, ОСК аппаратының бюджетті жос­пар­лау және орындау бөлімінің мең­ге­ру­шісі Гүлназ Кембаева, «Халық банк» АҚ Астана қаласы бо­йынша фи­лиалы­ның өкілдері Жанар Рахимова, Жания Досбаева, сондай-ақ Астана қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруа­шылық бөлімінің басшысы Айнагүл Иксан сөз сөйледі.

Семинар қатысушыларына прези­дент­тікке кандидаттар­дың БАҚ-та сөз сөйлеуіне рес­пуб­ли­калық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, сайлау қоры­тындылары белгі­ленгеннен кейін қара­жат­ты пай­далану туралы есеп­тер­ді ұсыну, сондай-ақ кандидаттардың барлық қаржы операциясы мен процедурасын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы мәселелер толық түсіндірілді.

Сайлауалды штабтардың өкілдері жариялы сайлауалды шараларды өткізу арқылы кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде БАҚ ар­қы­лы, баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құ­қық­тық шарттарымен танысты.

Спикерлер кандидаттардың сайлау­алды штабтарының өкіл­дері тарапынан сайлау нау­қаны аясында қойылған сұрақ­тарына толық жауап берді.

 

https://egemen.kz/article/326500-paydaly-seminar

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button