Заң және Қоғам

ОСК: 111 халықаралық байқаушы аккредиттелді, тағы 52 байқаушы ұсынылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауы барысын бақылайтын 111 халықаралық байқаушы аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері Орталық сайлау комиссиясы 14 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 111 байқаушыны аккредиттеуден өткізді», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

«2023 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 2 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 52 байқаушыны аккредиттеуден өткізу ұсынылды», — дейді ол.

Бұған дейін саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтетіні туралы хабарлаған едік.

Айта кетсек, 26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.

Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретіні айтылды.

 

https://www.inform.kz/kz/osk-111-halykaralyk-baykaushy-akkreditteldi-tagy-52-baykaushy-usynyldy_a4040444

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button