Қолдаушылар форумы: Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне сенім артқандарға ризашылығын білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды.
Форумда еліміздегі түрлі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.
Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.
https://www.inform.kz/kz/koldaushylar-forumy-kasym-zhomart-tokaev-ozine-senim-artkandarga-rizashylygyn-bildirdi_a3987677