Неліктен референдумға қатысу маңызды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Конституциялық реформа нені көздейді? Неліктен референдумға қатысу маңызды?
Бұл сұраққа ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина жауап берді.
Референдум — халық пен мемлекет үшін маңызды процес. Халық арасында неге референдум болайын деп жатыр сұрақ бар. Осы орайда сайлау мен референдумның айырмашылығына тоқтала кетсек, негізі екеуі ұқсас процес, екеуінде де халық қатысады. Бірақ референдумде кез келген мәселе күн тәртібіне шыға бермейді. Онда жиі шығатын мәселе конституциялық өзгеріс, екінші мәселе Президенттің өкілеттігін ұзартуға байланысты өткізеді және үшіншіден тәуелсіздікке қатысты, яғни кез келген мемлекет белгілі одаққа мүше болады немесе одан шыққан кезде референдум өткізеді. Демек, халық үшін маңызды тақырыптар референдум арқылы шешімін табады, — деді спикер орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, биыл конституциялға енгізілген өзгерістер ол тарихи өзгерістер.
Бұған дейін «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының кезекті отырысында Алуа Жолдыбалина өлім жазасынан бас тартсақ, қылмыс көбеюі мүмкін бе деген сұраққа жауап берген болатын.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/nelikten-referendumga-qatysu-manyzdy_279101/