Заң және ҚоғамСаясат

Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген — ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент сайлауына үміткер Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді білуі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОСК сілтеме жасап.

Лингвистикалық комиссия кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін үш бағыт бойынша анықтады: шығарма жазу, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу, кандидаттың таңдаған тақырыбына көпшілік алдында сөз сөйлеуі.

Отырыстың қорытындысын Лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметов баяндады.

Кандидат «Түркістан – ер түріктің бесігі» тақырыбына шығарма жазды. Жазба жұмысы мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романынан ауызша үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбына ойын ауызша баяндады.

Емтихан қорытындысы бойынша Лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы ашық дауыспен бірауыздан шешім қабылдады.

Айта кетейік, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.

 

https://www.inform.kz/kz/nurlan-auesbaev-memlekettik-tildi-erkin-mengergen-osk_a3988685

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button