
Межэтникалық келісім – ел бірлігінің алтын арқауы
🌿 Межэтникалық келісім – ел бірлігінің алтын арқауы
Қазақстан – сан қырлы мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан алтын бесігі. Бүгінгі күні елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп жатыр. Бұл – біздің ең үлкен жетістігіміз әрі болашаққа нық қадам басудың кепілі.
Ежелден қазақ халқы қонақжайлығымен, кеңпейілдігімен ерекшеленген. «Қонақ қадарын ел білер, ел қадірін ер білер» деген дана сөз соның айғағы. Сол дәстүр сабақтастығының арқасында бүгінде еліміздегі этностар өз тілін, мәдениеті мен салтын сақтап қана қоймай, Отанымыздың дамуына үлес қосып келеді.
Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан ұлтаралық келісім мен бірлік – Қазақстанның ең үлкен құндылығы. Президентіміз Жолдауында атап өткендей, тұрақтылық пен бірлік – экономикалық өсімнің, қоғамдық оптимизмнің және халықтың жарқын болашағының кепілі.
Бүгінгі бейбіт өмірді бағалай білу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Өзара сыйластық пен сенімді сақтай отырып, біз келешек ұрпаққа тату елдің жарқын үлгісін қалдырамыз.
🇰🇿 Қазақстан – баршаға ортақ шаңырақ. Оның берекесін сақтау – әрбіріміздің қасиетті борышымыз. Сарапшы пікірі Т. Темирболат



