Заң және Қоғам

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру туралы

БАҚ тарапынан мемлекеттік қызметшілерге сыйақыны беруге байланысты жағдайды түсіндіру бойынша өтініштердің келіп түсуіне орай келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).
Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ.
Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын.
Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс.

Соңғы жаңалықтар

01 қараша 2024

«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңдағы отандық бизнесті қолдау жолдары

01 қараша 2024

Қаржы министрлігі тау-кен саласына салық салу тәртібі қалай өзгеретінін айтып берді

31 қазан 2024

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев: ЕҚДБ Қазақстан үшін негізгі реформаларды іске асырып, орнықты дамуды қолдауда сенімді әріптес саналады және болып қала береді

31 қазан 2024

ҚР Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов солтүстікқазақстандықтармен кездесті

30 қазан 2024

Мәди Такиев: Бюджетке халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button