Заң және Қоғам

Медсақтандыру қорының басшысы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында медициналық ұйымдардың мәселелерін талқылады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Сабит Ахметов Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының аясында Қосшы қаласының №1 қалалық емханасында және «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясында, сондай-ақ Жібек жолы ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен Аршалы аудандық ауруханасында болды.

 

Бұл сапарда ӘМСҚ басшысымен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков, Қордың Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Азамат Өміртаев, сондай – ақ Қордың құрылымдық бөлімшелерінің директорлары: Талдау және жоспарлау департаменті – Марина Фалеева, Медициналық көмектің сапасын мониторингілеу департаменті – Лаззат Шоманова, Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаменті-Светлана Пономарева бірге жүрді.

Айта кетейік, бұл Сабит Ахметовтың медициналық қоғамдастық мәселелерімен танысу мақсатында өңірлерге жасаған үшінші жұмыс сапары. Бұған дейін Қостанай және Павлодар облыстарының медициналық ұйымдарына барған болатын.

«Мұндай сапарлар жалпы өңірдің ерекшелігін тұтастай көріп, әрбір медициналық ұйымның қажеттілігі мен шиеленіскен мәселелерін жіті түсінуге мүмкіндік ашады. Мысалы, Астана маңында орналасқан Қосшы мен Аршалы медициналық ұйымдары өңір тұрғындарының елордалық емханаларға тіркелуіне байланысты қаржыландырудың үлкен үлесін жоғалтуда. Яғни, әрбір осындай бекітілім үшін жан басына шаққандағы кешенді норматив түріндегі қаржыландыру елордалық емханаларға кетеді. Бұл ретте аудандық емханалар үлкен шығынды бастан өткеруде, себебі олар Астанаға бекітілгендерді қоса алғанда, барлық халыққа тегін шұғыл медициналық көмек көрсетуі тиіс», – деп Қор басшысы өз ойымен бөлісті.

Екінші ерекшелік-көптеген аудандарда бекітілген адам санының аздығы. Мәселен, 30 мың тұрғынның ішінен Жібек Жолы ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға тек 6,3 мың адам бекітілген, 12,5 мың тұрғыны бар Аршалыда бекітілген халық саны 8,9 мың адамнан аспайды. Қосшыда 90 мың тұрғын бар, оладың ішінде 23 мыңға жуық тұрғын «Жанұя» қазақстандық әлеуметтік-медициналық компаниясына, 12 мыңға жуығы №1 қалалық емханаға тіркелген.

Нәтижесінде елордалық емханаларда жоғарыда баяндалғанның салдарынан жүктеме артып келеді, ал аудандар медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуге тырысуда. Мысалы, Қосша халқы екі медициналық ұйымды таңдай алады. Жергілікті №1 қалалық емхана үйдегі патронажды ұйымдастыру арқылы, өз халқына қолайлы жағдай жасап отыр.

Аудан тұрғындары консультациялық-диагностикалық қызметтің барлық түрлерін алу үшін аталған медициналық ұйымдарды тар бейінді мамандармен толықтыруды және облыстық ауруханада жоқ бейін бойынша жоспарлы стационарлық көмектің болуын қалайды. Көптеген мәселелер шешілуде. Мысалы, таяу арада Қосшыда жедел жәрдем қосалқы станциясын ашу  жоспарда бар, бұл халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді уақтылы қамтамасыз етеді. Кадр мәселесіне келсек, облысқа жас және сұранысқа ие мамандар белсенді түрде тартылуда, оларға барлық қажетті жағдай жасалады. Қор филиалы білім беру мекемелерімен МӘМС мәселелері бойынша мамандарды дайындау үшін меморандумға қол қойды.

«Қор филиалы денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді, барлық қажетті әдістемелік көмекті көрсетеді, бизнес-процестерді дұрыс құруға және қолданыстағы инфрақұрылымды ескере отырып, көмектің ең перспективалы түрлерін дамытуға ат салысады. Сондай-ақ қаржыландыру түрлері бойынша түсініктемелер береді: қандай қосымша қаражат бөлінуі мүмкін және қандай бағыттарды дамытуға болады. Бірақ, Астана мен Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармалары арасында да, біздің қатысуымызбен талқылауды және шешімдерді іздеуді талап ететін мәселелер әлі де бар. Біз бұл мәселелерді пысықтайтын боламыз», – деп айтып өтті Сабит Ахметов.

Аршалыда бекітілген тұрғындарға қатысты осындай жағдайға және бекітілмегендердің тас жол апатынан кейін осында келетіндігіне, науқастарға үнемі қосымша жедел медициналық көмек көрсету қажеттілігіне қарамастан, жағдай біршама басқаша. Аурухана барлық қажеттілікпен, соның ішінде ең сұранысқа ие мамандармен жабдықталған. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы осындай табысты нәтижеге әкелген медициналық көмекті ұйымдастыру мен қолда бар ресурстарды дұрыс бөлудегі тиімді басқару тәсілін атап өтті.

Жібек Жолы ауылы мен Аршалы аудандық ауруханасының дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Альбина Анюхина медицинада жүргеніне 40 жыл, пандемия кезінде медициналық көмек көрсеткені үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Бүгінде ол халықты бұрын тек қалада алуға болатын көмек түрлерімен қамтамасыз етуде.

«Мен менеджерлік қабілеттің жоғары деңгейін көрдім. Бірлесіп орындау үшін зертханалық тексерулерді тапсырудың орнына, олар өздерін құрал-жабдықтармен жабдықтап, бәрін өз базасында жүргізеді. Скрининг жүргізу үшін маммограф алған. Қолда бар қаржыландырумен олар өз шығындарын оңтайландыру және қарыз міндеттемелеріне кірмеу жолдарын іздейді. Барлық жер таза, ұжым жақсы. Қор қосымша көлемдер бөлу бойынша талдау жүргізеді. Сонымен қатар, бас дәрігер ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде кеңейюге және өз функционалына медициналық көмектің басқа түрлерін енгізуге ниетті», – деп ӘМСҚ басшысы өз әсерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Қор департаменттерінің директорлары жылжымалы медициналық кешеннің жұмысына қатысты бас дәрігерге кеңес берді. Альбина Анюхина оның қызметіне сызықтық шкала шарттары қолданылмайтынын және жылдық көлем шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша шектеулер жоқ екендігінен хабарсыз болып шықты. Бас дәрігер баланста тұрған автобус тоқтап тұрмас үшін қаладан мамандар шақырып, шалғайдағы ауылдардың тұрғындарын профилактикалық тексеруден өткізуге ниетті екенін айтты.

«Біз сіздердің ауруханаларыңызды, медициналық амбулаторияны көрдік. Маған барлығы ұнады. Сіздің жүйені қолдайтыныңызға көзім жетті. Сіздің тәжірибеңізді тарату қажет. Өйткені басқалардың қаржысы бар, бірақ сіздердегідей жайлылық жоқ. Жұмыс жасайтын боламыз. Өз тарапымыздан денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп мәселелерді шешуге тырысамыз. Осы мақсатта, осы жерде қорытынды жасау үшін келдік», – деп өз сөзін қорытындылады Сабит Ахметов.

Медицина қызметкері күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы ұжымдарды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен табыс тіледі.

Бұдан әрі Қор басшысы Қарағанды облысындағы ауылдық медициналық ұйымдарға баруға ниетті.

 

 

Өзге де жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button